«Ұланғайыр жері бар, ұлы мұраты бар, бабалары жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар халықтың мыңжылдық тарихында ең бірегей, біртұтас кезеңінде елімнің сенімін арқалағаным мен үшін ең биік мәртебе, бақыт. Кейінге ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау - баршамызға ортақ парыз», - деді Н.Назарбаев.
Бұдан бөлек, Елбасы жаңа ғасырдың сын-қатерлеріне төтеп беріп, дамыған елдердің қатарына қосылудың да ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.
«Біз ұрпаққа көркейген елді, нығайған бірлікті, мызғымыс тұрақтылық пен еселенген байлықты мирас етеміз. Бүгін Қазақстан тарихының жаңа беті ашылды. Біз дамудың даңғылына тың қадаммен аяқ басамыз. Бес халықтық реформаны табысты жүзеге асырып, болашағы біртұтас елге айналамыз», - деді Мемлекет басшысы.