ҚР Президенті ҚХА Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенконы қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенконы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясын өткізуге әзірлік барысы жөнінде баяндалды.

Л.Прокопенко Нұрсұлтан Назарбаевқа ұйымдастыру-дайындық жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер туралы мәлімдеді.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.