ҚР Президенті қоластындағылардың жемқорлығы үшін бірінші басшының отставкасын енгізудің маңыздылығын айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А.Шпекбаев Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің биылғы 7 айдағы жұмыстарының негізгінәтижелері мен ведомствоны қайта құру шараларын ұйымдастыру туралы баяндады. ОлПрезидентке Агенттік құрылымында жаңадан құрылған 5 департамент: алдын алу,парасаттылық, серіктестік, квазимемлекеттік сектордағы, құқық қорғау және соторгандарындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау жәнетергеу департаменттерінің жаңадан құрылғаны жөнінде мәлімет берді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес барысында берілген тапсырмалардыжүзеге асыру үшін заңнамалық және ұйымдастыру шараларын уақтылы қабылдауқажеттігін атап өтті. Соның ішінде, Қасым-Жомарт Тоқаев қарамағындағықызметкерлердің жемқорлық әрекеті үшін мемлекеттік органдардың біріншібасшыларын қызметінен босату институтын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсынормативтік-құқықтық актілерді сараптамадан өткізуді қайта қалпынакелтіру, мемлекеттік қызметшілердің заңсыз баюы, кіріс және шығысдекларацияларын жариялау жауапкершілігі жөніндегі шаралардың маңыздылығынаназар аударды.

Соңғы жаңалықтар