ҚР Президенті көлікті техникалық бақылаудан өткізу саласында құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған Заңға қол қойды

None
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық бақылаудан өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заң аталмыш қызмет түрін бәсекелік ортаға беруге байланысты көлік құралдарын техникалық бақылаудан өткізу саласында құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.