ҚР Президенті ҚР Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің қызметі туралы келісімді ратификациялайтын Заңға қол қойды

None
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің қызмет шарттары туралы келісімді және 2009 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің  шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы  хаттаманы  ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.