Бірінші кезең ресейліктердің басымдығымен өтті, бірақ соғылған шайбалар болмады. Екінші кезеңде есепті «Нефтехимиктің» ойыншысы Андрей Нестрашил ашты, кейін қарсыластардың ұпай санын Павел Порядин еселей түсті. Соңғы жиырма минутта астаналықтар бір шайба сала алды. Матчтың үшінші бөлігі таблодағы есепке өзгеріс енгізбеді.
Енді «Барыс» сәрсенбі күні сағат 19:30-да Омскінің «Авангардымен» кездесетін болады.