Ерлер арасындағы бәсекелерге Тунис, Қытай, Таиланд және Бахрейн мемлекеттерінің ұлттық құрамалары қатысады. Қазақстан бұл жарысқа екі команданы қосып отыр. Қыркүйектің 3-іне дейін жалғасатын турнир бір айналыммен өтпек.
Бүгін қазақстандық волейболшылар алғашқы кездесуді Бахрейн құрамасымен өткізеді.