Алғашқы кезеңде Николай Глухов есеп ашса, меймандардың жеңісін екінші болып Максим Кицын бекіте түсті. Ойынның соңында Глухов астаналық команданың қақпасына тағы бір шайба салып, дубль орындады. Осылайша, қорытынды есеп бойынша 8 ұпай алған «Барыс» үшінші орынды қанағат тұтты.
Ал бірінші және екінші орынды «Нефтехимик» пен «Адмирал» командалары иеленді.