Демалыс күні алдында «Қазақстан» спорт сарайының мұз айдынына мытищилік «Атлант» пен ригалық «Динамо» шықты. Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталды. Ригалық шабуылшы Александр Ниживийдің сәтті буллиті динамолықтарға жеңіс әкелді. Матчтың қорытынды есебі: 3:2.
Екінші ойында астаналық «Барыс» Минскінің «Динамосынан» 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Бүгін «Қазақстан» спорт сарайында финалдық матчтарда тағы да осы командалар кездеседі: 13.00-де 3-4 орындар үшін матчта - «Динамо» (Рига) мен «Атлант» (Мәскеу облысы), ал 17.00-де 1-2 орындар үшін «Барыс» (Астана) - «Динамо» (Минск) командалары бәсекеге түседі.