ҚР Президенті қысқамерзімді демалысқа шықты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы қысқамерзімді демалысқа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 22 шілдеден бастаптөрт күнге демалысқа шықты. Президент демалыс күндерін Қазақстан аумағындаөткізеді», деп жазды БерікУәли Facebook-тегі парақшасында.