«Индустрияландыру бағдарламасының жарты жылдығын қарау барысында Астананың үлкен-үлкен нысандарын көріп шықтық. Қазақстанның жері кең, Азияның дәл ортасында тұрғаннан кейін жүк Қазақстан арқылы өтетін болса, логистика мен көлікті дамыта отырып, біздің еліміз одан көп табыс табады. Бұл - бір. Екіншіден, көршілермен тату боламыз. Себебі, олар жүгін біз арқылы жүргізгеннен кейін, көршімен тату өмір сүруге мүдделі болады»,-деді Мемлекет басшысы.
Президент өзі аралап көрген индустрияландыру аймағындағы логистика орталығының жұмысына тоқталды.
«Бүгін көрген нысанымыздың бірі - логистика орталығы. Орталықта кедендік рәсімдер аз уақыт ішінде рәсімделеді. Жүкті бұрынғыдай үш күн өткізудің орнына адам бір сағаттың ішінде жүгінің барлық құжатын алып, сататын жеріне жібереді», - деді Елбасы.