ҚР Президенті М.Алтынбаевты «Барыс» орденімен марапаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі Мұхтар Алтынбаевты қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру аясындағы заң шығару қызметі талқыланды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы М.Алтынбаевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады және Тәуелсіздік күні қарсаңында І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.