«Мансаб жолын жұмысшы лауазымынан бастау міндетті болмағаннан кейін бүгінгі жастарға мұны түсіну қиынға түсер. Біз сияқты жас мемлекеттің қалыптасуы барысында басшы бәрін білуі, сезінуі тиіс деп ойлаймын. Мен ата-анам қарапайым ауыл шаруалары болды. Өзімде жұмысшы болып бастадым. Елді аралап халықпен сөйлескен кезімде жұмысшылардың не ойлайтындығын, шаруаның не жайында ойланатындығын білемін. Олардың проблемаларын, жай-күйлерін ұғынып, әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істеймін», - деді ҚР Президенті.
Елбасы бүгінде мемлекет басқару ісіндегі жұмыс көлемінің, деңгейінің мүлдем басқа, өте үлкен, ауқымды екендігін баса айтты.
«Дегенмен, кезінде алған тәжірибе барлық уақытта да біздің жан-дүниемізде және әр уақытта да дұрыс шешім қабылдауға көмегін береді. Өйткені, әрбір мемлекеттің бірінші басшысының міндеті мен мақсаты - елдің игілігі, халықтың әл-ауқатын жақсарту... Қазір әлемнің, ғылыми-техникалық прогрестің қызу дамығандығы соншалықты жаңа деңгейде жұмыс істеуге тура келеді. Адам артта қалып қоймауы үшін өмір бойы оқуы керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.