ҚР Президенті: Мұғалім еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мұғалім еңбегін лайықты бағалау өте маңызды міндет. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәстүргеайналған Тамыз конференциясы – ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңыздыжиын. Әр адам қандай жетістікке жетсе де білім берген ұстаздарының ерекшеқадірлейді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәртебелі мамандықиелеріне деген ықыласы ерекше екенінөздеріңіз жақсы білесіздер. Менде бүгін сіздермен кездесу үшін осы жиынғаарнайы келіп отырмын», - деген Мемлекет басшысы ең алдымен білім жәнеғылым саласының барлық қызметкерлеріне шынайы ықыласын білдірді.

Сонымен қатарҚазақстан Президенті мұғалімдердің еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етіп кележатқандарын баса айтты.

«Білімдіденшыққан сөз талаптыға болсын кез» деп ұлы Абай айтқандай ұстаз әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға.Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу аса жауапты әрі күрделі міндет. Сіздердіңарқаларыңызда тұтас бір буынның құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады. «Ұстазы жақсының ұстанымыжақсы» деген халқымыз. Ұстазсыз адам болмайды. Бәріміз де кезінде мұғалімтәлімін алып, білімін үйрендік. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімеңбегін лайықты бағалау өте маңызды міндет«, - деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар