Мемлекет басшысы Қазақстанда Кендірлі туристік аймағын, Түркіменстанда Аваза демалыс орнын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Ресейде, Әзербайжанда және Иранда курорттық аймақтар бар екенін білеміз. Біздің елдеріміздің үкіметі ынтымақтастықтың бұл бағытын жақсылап зерттеуі қажет», - деп қосты Н. Назарбаев.
Оның сөзіне қарағанда, бұл аталған елдердің мәдениеттерінің жақындай түсуіне жақсы мүмкіндіктер тудырады.
«Біздің қарым-қатынастарымыздағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың орны ерекше. «Теңіз елдерді бөледі, алайда халықты біріктіреді» деген дана сөз бар. Бүгін Астраханьда Каспийлік жастар саммиті өтуде. Бұл жастар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Бұл идеяны қолдауымыз қажет», - деді Н. Назарбаев.