Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
Жоғары деңгейдегі Қазақстан-Малайзия ынтымақтастығын дамытуға бағытталған сапар аясында Мемлекет басшысы Малайзияның Жоғары Билеушісімен және Малайзия Премьер-Министрімен, сондай-ақ қоғамдық-саяси және ірі іскерлік топ басшыларымен келіссөздер өткізеді деп жоспарланған.
Оның айтуынша, келіссөздер барысында Қазақстан-Малайзия бағыты бойынша екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері талқыланады деп күтілуде.