Осыған орай ҚР Президентi тың игеруге қатысқан еңбек ардагерлерiне өзiнiң құттықтау сөздерiн жолдады. Аталмыш хатты ҚР Ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбеков оқып бердi.
"Ардақты еңбек ардагерлерi! Сiздердi тың және тыңайған жерлердi инерудiң басталуына 60 жыл толуымен құттықтаймын! Тың игеру кезеңi Қазақстанды сарқылмас астық қорына айналдырды. Бүгiнде елiмiз астық экспорты бойынша әлемдiк көшбасшылар қатарында. Бұл уақыт қазақстандықтардың қажырлы еңбегiмен және ерiк-жiгерiмен жазылған даңқты тарихының жарқын кезеңдерiнiң бiрi. Тың - азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң көзiне айналып, экономиканың көптеген салалары мен әлеуметтiк инфрақұрылымдардың қарқынды дамуына ықпал еттi. Бүгiнгi таңда елiмiздiң агроөнеркәсiптiк кешенi алдында тұрған мақсаттардың ауқымы одан да зор. "Қазақстан-2050" стратегиясында ауыл шаруашылығын дамыту - ең басым бағыттардың бiрi ретiнде аталған. Баршаңызға жемiстi еңбек пен жаңа табыстар тiлеймiн!", - делiнген Елбасының құттықтауында.
Салтанатты жиыннан соң министр тың игеруге қатысқан 20 ардагерге "Еңбек ардагерi" ордендерiн табыс еттi.
Айта кетейiк, 1953 жылы бұрынғы Кеңес Одағының бидай егетiн егiс алқабының 11,3 пайызы Қазақстанның үлесiнде болса, 1960 жылы оның үлесi 30 пайызға жеттi. Жалпы тың игерiлген жетi жылда Қазақстанда 100 млн. тонна бидай өндiрiлдi.