ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Иранға сапары күтілуде
18:34, 14 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Иранға сапары күтілуде. Бұл туралы бүгін Астанада Иранның Ауыл шаруашылығы министрі Махмуд Ходжати мәлім етті.
«Жақында Иранға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келеді деп күтілуде», - деп атап өтті ол Астанада өткен Иран-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының отырысында.