ҚР Президенті «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

None
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заң аталған ұйымдардың мәртебесін, ерекше құқықтық режимін құру және қызмет атқаруын айқындауға бағытталған.

Заңның толық мәтіні баспасөз беттерінде жарық көреді.