ҚР Президенті: Негізсіз жоғары бағалармен табанды күрес жүргіземіз

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда монополиялық жағдайын асыра пайдаланудың түбегейлі жолы кесіледі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақорданың Twitter-іне сілтеме жасап.

«Біз монополиялық жағдайын асыра пайдаланудың түбегейлі жолы кесіліп, негізсіз жоғары бағалармен, бәсекеге кедергілерді алумен күрес жүргізетін боламыз», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, Үкімет пен әкімдер мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру бойынша түбегейлі шаралар қабылдауы қажет.

«Реттелетін сатып алуларға отандық бизнестің қатысуын арттыру бойынша нақты КРІ енгізу қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар