ҚР Президенті нотариат мәселелері бойынша ҚР заңына қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.