деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық дипломат ДИЛ басшысының екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуы мен нығаюына, атап айтқанда дінаралық байланыстар мен өркениеттер диалогы үшін қомақты үлес қосып отырғанын жоғары бағалап, А.ат-Түркиді еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерімен таныстырды.
Өз кезегінде ДИЛ Бас хатшысы доктор А.ат-Түрки Қазақстан басшылары мен халқын Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтай келе, еліміздің басшылығының түрлі дінді ұстанатын этностар мен ұлт өкілдерінің елімізде бейбіт өмір сүруі бағытында жүргізіп отырған саясатын жоғары бағалады. Оның айтуынша өркениеттер арасындағы диалогты жандандыру жолындағы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың конструктивті бастамаларының арқасында бүгінде Қазақстан әлемнің басқа елдері арасында ерекше орынға ие. Осы тұрғыда Дүниежүзілік Ислам Лигасының Қазақстан Республикасымен арадағы байланыстардың дамуының маңыздылығы атап өтілді. Ұйым басшылығы алдағы уақытта да Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съездеріне белсенді қатысуға ниетті.