ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ-да тұңғыш сөйлеген сөзі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қазан - Біріккен Ұлттар Ұйымы күні. Бұл күн 1948 жылдан бастап БҰҰ күні ретінде атап өтіледі. 1945 жылы осы күні БҰҰ Жарғысы күшіне енген.

1992 жылы 5 қазанда алғаш рет БҰҰ-да Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі.

Өз сөзінде Қазақстан Президенті негізгі өңірлік проблемаларды шешу және қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін  жалпы азиялық диалог алаңын құру мақсатында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне шақырту идеясын ұсынған.