ҚР Президенті Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерімен кездесті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

«Ақорда» резиденциясында ҚазақстанПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «С5+1» форматындағы жоғары деңгейдегікездесуге қатысу үшін Нұр-Сұлтанға келген Қырғызстан Республикасы Сыртқы істерминистрі – Чингиз Айдарбековпен, Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрі –Сироджиддин Мухриддинмен, Түрікменстан Республикасы Сыртқы істер министрі –Рашид Мередовпен, Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі – АбдулазизКамиловпен кездесуі өтті.

Мемлекет басшысы дипломаттарды АҚШ-пен өңірлік ынтымақтастықты жәнеқатынастарды нығайтудың тиімді тетігі саналатын «С5+1» форматындағы кезектікездесудің табысты аяқталумен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері арасындағы интеграциялықүдерістерді одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Көпғасырлық ортақ тарихымыз, тату көршілестігіміз,мәдени және діни бауырластығымыз мемлекеттерімізді жақындастыратын негізгідіңгек болған және әрқашан солай бола береді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігерінің арқасында Орталық Азиядағыынтымақтастық сыртқы саясатымызда әрдайым басымдыққа ие болды», – деді Мемлекетбасшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңір ішіндегі сауда-саттық, инвестициялық, көлік жәнемәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелеріне арнайы тоқталды.

Мемлекет басшысы 2018 жылы наурыз айында Қазақстанның елордасында өткенОрталық Азия мемлекеттері басшыларының алғашқы Консультативтік кездесуінде қолжеткізген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап көрсетті.

«Бұл оқиғалар елдеріміздің арасындағықарым-қатынастардың жаңа кезеңіне жол ашты десек, асыра айтқандық емес. Өңірішіндегі сауда-саттық деңгейінің айтарлықтай артуы соның айқын дәлелі болады», – деді ҚазақстанПрезиденті.