ҚР Президенті патриотизмнің не екенін түсіндірді
17:56, 19 Ақпан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Нағыз патриот - өз елін мақтайтын адам емес, қайта кемшіліктерді көріп, ұнамсыз тұстарды жөндеуге ықпал ететін адам » деген сөздерін жариялады.
Елбасы бұл сөздерін «Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабына барғанда айтқан.