ҚР президенті Р.Отынбаева Үрімшіге ұшып шықты

БІШКЕК. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін Қырғызстан президенті Р.Отынбаева екі күндік сапармен Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласына ұшып кетті.

Күтіліп отырғандай, сапар барысында мемлекет басшысы ЭКСПО «Қытай-Еуразия» І халықаралық көрмесінің ашылуына, «Қытай-Еуразия» экономикалық ынтымақтастығын дамыту форумының жұмысына, сонымен қатар Қырғызстанның Қытайдағы мәдениет күндерінің ашылуна орайластырылған салтанатты шараларға қатыспақ.

Сондай-ақ, жоғары деңгейдегі бірқатар кездесулер де жоспарланған. Күтіліп отырғандай, 3 қыркүйекте қырғыз президенті Душанбеде өтетін ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады.