«Қалыптасқан жағдай кезең-кезеңмен жауапты да байсалды қадамды талап етеді. Күрделі мәселелерді бірлесіп талқылау маңызды. Өзара мәмілеге келмей, алға жылжи алмаймыз, қиындықсыз ештеңе шешілмейтіні анық», - деді Н. Назарбаев Минскіде КО елдері көшбасшылары, Украина мен ЕО өкілдері қатысқан үшжақты кездесу барысында.
Елбасы, сондай-ақ халықаралық қоғамдастық газ жеткізу бойынша Украина мен Ресей арасындағы мәселені оңынан шешуге жәрдемдесуі тиіс екендігін атап өтті. «Бұл қысқа дайындық алдында аса маңызды», деп қосты Н. Назарбаев.