ҚР Президенті ресейлік бизнеспен ынтымақтастықты нығайтуға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан компанияларын ресейлік бизнеспен ынтымақтастықты нығайтуға шақырды. Бүгін «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпірден кейін Елбасы осылай мәлім етті.

«Үлкен перспективалар Ресей Федерациясымен өзара іс-қимылды күшейтуге байланысты. Оны алдыңғы қатарды ресейлік компаниялармен ынтымақтастық желісі бойынша кеңейтумен қатар, біз жыл сайын айналысып отырған өңіраралық ынтымақтастық аясында өрістету керек»,-деді Президент.

Осы орайда Елбасы Үкімет пен әкімдіктер еуразиялық интеграция мүміндіктерін пайдаланып, осы бағытты кеңінен игеруі тиіс екенін атап өтті.

«Дағдарысқа қарамастан, көптеген шетелдік компаниялар біздің елдегі өндірістерін кеңейтуде. Бүгінде, 30 компания қайта инвестициялау сатысында. Оның ішінде, 6 компания өндірісін бастап кетті»,-деді Н. Назарбаев.