Бұл пікірді бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Александр Симионов білдірді.
«Бүгінгі кездесу барысындағы біздің пікір алмасуымыз Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайлау күніне тыңғылықты дайындалғанын көрсетеді», - деді ол брифинг барысында.
Сонымен қатар ол алдағы сайлау Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы және сайлау органдарының барлық қызметкерлері үшін сынақ екендігін баса атап өтті.
«Біз бұл сынақтың үздік тапсырылатындығына сеніміміз мол. Сонымен бірге бұл сайлауға халықаралық қоғамдастық тарабынан зор қызығушылық бар екендігін айрықша атап өткім келеді. Ал бұл Қазақстан Республикасының халықаралық саясатта өте маңызды орын алатындығын дәлелдей түседі», - деді А.Симионов.