«Сайлау туралы заңға сәйкес 26 сәуірде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлаудың соңғы нәтижесімен Орталық сайлау комиссиясы сайлаудан кейін жеті күн мерзімнен, яғни 2015 жылғы 3 мамырдан кешіктірмей белгілеуі тиіс», - деді Қ.Тұрғанқұлов.
Айта кетейік, кезектен тыс президенттік сайлауға дауыс беруге құқы бар Қазақстан азаматтарының 95,22 пайызы қатысты. Алдын ала деректерге сәйкес Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайлаушылардың 97,7, Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов - 1,6 және Әбілғазы Әлиақпарұлы Құсайынов - 0,7 пайыз дауысын жинады.