«Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёевпен келіссөздер сәтті өтті. Екі ел арасындағы үйлесімді дамып келе жатқан өзара қарым-қатынастардың кең көлемді бағыттарын талқыладық. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының зор үлесін атап өттім. Ынтымақтастықтың келешегі жарқын. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды», - деп жазды Қ. Тоқаев Твиттердегі парақшасында.
16:32, 15 Сәуір 2019
ҚР Президенті: Шавкат Мирзиёевпен келіссөздер сәтті өтті
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат -Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының үлесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.