«Протекционизмнің күшеюі мен тауарлық жеткізулер тізбегінің үзілуі біздің ұйымның экономикалық әлеуетін ашу мақсатын шұғыл шара етіп отыр. 2025 жылға дейінгі ШЫҰ-ны дамыту стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-қимыл жоспарын бекіту өзара сауданың қалпына келуі мен ұлғаюына ықпал етеді деп үміттенеміз», - деді Президент видеоконференция режимінде өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларын кеңесінің отырысында.
Қосым-Жомарт Тоқаев аталған мәселені шешу тұрғысында жобалық қызметті қаржыландыру тетіктерін құру бойынша келіссөздерді жылдамдату қажет екенін жеткізді.
«Өзара есеп айырысуда ұлттық валюталардың рөлін біртіндеп арттыру, сондай-ақ, Еуразиялық қаржы консультациялық механизмін қалыптастыру жөніндегі Жол картасы сияқты шаралардың қабылдануы бұл жұмысқа тың серпін берер еді», - деді Мемлекет басшысы.