Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық дамуына компанияның қатысуы мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы "СИТИК Групп" корпорациясы мен Қазақстанның жақсы ынтымақтастық тарихы бар екенін атап өтті. - Біз бірлесіп жұмыс істеген жылдары мол тәжірибе жинадық. Компания Қазақстанның нарығындағы қызметі кезінде оң нәтижелерге жетті. Қазір жаңа заман келе жатыр, жаңа жобалар мен міндеттер туындауда, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Чан Чжэнмин компанияға көп жылдар қолдау көрсеткені және елде шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.