ҚР Президенті сот жүйесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 және «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы №1093 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаулы етемін:
Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сот жюриі туралы ереже осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы №1093 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №60, 589-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуі үшін бос орындарды бөлу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына енгізу;»;
мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) судьялыққа кандидаттардың ақысы төленетін тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға мониторинг жүргізу;».
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 22 ақпан. № 201

Жарлықтың толық мәтіні ресми БАҚ-та жарияланды.