ҚР Президенті: Су қоймасы апатынан баспанасынан айырылғандарға мыңнан астам үй салынады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет Өзбекстандағы су қоймасы апатының салдарынан баспанасынан айырылған азаматтарға арнап, мыңнан астам үй салады. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкімет Өзбекстандағы су қоймасы апатының салдарынан баспанасынан айырылған Түркістан облысының азаматтары үшін мыңнан астам тұрғын үй салуға кіріседі»,-деп жазды Мемлекет басшысы.