ҚР Президенті «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің басшысын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Сыртқы барлау қызметінің қазіргі жұмыстары жөнінде баяндалды.

Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.