ҚР Президенті Талдықорғандағы Жастарға қызмет көрсету орталығында болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына сапары жұмыс сапары барысында Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығында болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті орталықтың жұмысымен, өңірдегі жастар саясатының негізгі бағыттарымен және басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысты.

Орталық жастар өмірінің кең ауқымды мәселелерін қамтиды, соның ішінде тұрмысы нашар көп балалы отбасылар балаларына көмек көрсетеді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы көп функционалды залды аралап көріп, онда Жаркент-Қорғас агломерациясының қала құрылысы тұрғысынан дамуының кешенді жоспарымен, сондай-ақ жаңа Нұркент қаласының бас жоспарымен танысты.