ҚР Президенті Телерадиокешені түсірген «Брюссель синдромы: Қауіпсіздік жолында» фильмі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі Facebook-тегі ресми парақшасына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бельгияға барған кезінде ҚР Президенті Телерадиокешені түсірген «Брюссель синдромы: Қауіпсіздік жолында» деректі фильмін жариялады.

«29-30 наурызда Н.Назарбаев Бельгияда болды. Президент Брюссельге Еуроодақ астанасында террорлық акті орын алғаннан кейін бір аптадан соң барды. Мемлекет басшысы сапары аясында жарылыстан қаза тапқандарды еске алуға қатысып, ЕО бас құрылымдары басшыларымен кездесті. Мұнда Қазақстан алдында тұрған басты міндеттердің бірі жаңа, оның ішінде экономикалық саладағы сын-қатерлермен күресте Еуразияның әлеуетін біріктіру болды», - делінген баспасөз қызметі хабарламасында.