Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұндай ұсынысты Түркияның Бодрум қаласында өтіп жатқан Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің төртінші саммитінде жасады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі Серік Сабеков.
«Жастарымызды университеттерімізде оқытып, бір-біріне жақындату керек. Мақсат: Түркі кеңесі, ТҮРКСОЙ-да жұмыс істейтін тілдерді, елдердегі жағдайды жақсы білетін мамандар даярлау», - деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Түркі академиясына түркі дүниесінің интеграциясы қандай болатынына бағдарлама жасап, талқылауға ұсыну туралы тапсырма беру қажеттігін баса айтты.