«Ұлттық инвесторлар Кеңесінің отырысын өткіздім. Жайлы іскерлік орта қалыптастыру, бизнесті тиімді қолдау және бәсекелестікті қорғау мәселелері бойынша бірқатар міндеттер белгіледім. Ұлттық буржуазияны жеке өзім қолдаймын»,-делінген желіде.
Сонымен қатар Президент парақшасында Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, барлық бағдарламалар бойынша мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне жүйелі талдау жүргізуді тапсырғандығын жазды.
«1 қазанға дейін бизнестің екі жақты міндеттемелерін ескеретін мемлекеттік қолдаудың жаңа әдістерін әзірлеу керек»,-деп жазды Мемлекет басшысы.