ҚР Президенті Ұлттық қордың 2019-2021 жылдарға арналған трансфертін бекітті
17:33, 30 Қараша 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің өлшемдері бекітілетін «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 - 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл жөнінде Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.