«Білім беру саласындағы ынтымақтастық - болашақтағы табысты серіктестіктің негізгі факторы. Осы ретте ортақ мәдени-ағартушылық кеңістік қалыптастырған жөн. Сол арқылы жастардың заман талабына бейімделуіне жол ашылады. Оны Ұлы түркілер білім беру қорын құру арқылы жүзеге асыруға болар еді», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің атап өтуінше, қор университеттер арасында академиялық ұтқырлық, тағлымдамадан өту, біліктілікті арттыру ісін үйлестіреді.
«Біз бауырлас елдердің жастарына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу үшін 50 грант бөлуге дайынбыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.