«Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялансын», - делінген Қ.Тоқаев қол қойған құжатта.
13:15, 09 Шілде 2020
ҚР Президенті жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы өкімге қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы өкімге қол қойды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.