ҚР Президенті жаңа ҚР Қылмыстық кодексіне қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Құжат қылмыспен күресті күшейту, азаматтар құқықтарының, мемлекет мүдделерінің қорғалу деңгейін арттыру мақсатында қылмыстық заңды жаңғыртуға бағытталған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Құжат заңнамалық актілерді Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексімен сәйкестендіруге және қылмысқа қарсы тұру жөніндегі шараларды қабылдауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Кодекс пен Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.