«Цифрлық дәуірде өмір сүріп жатқандықтан ізгілік пен мәңгілік рухани құндылық идеяларын жүйелі түрде ілгерлетуіміз қажет. Жаңа технологиялар адам өмірін қалай түбегейлі өзгертетіндігін көріп отырмыз. Пандемия бұл процесті жетелдетіп, тереңдете түсті. Цифрлық коммуникация, интернет, әлеуметтік желілер әлемнің барлық өңіріндегі адамдар арасындағы шекараны жойып, маңызды рөлге ие болып отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Дегенмен, Мемлекет басшысы осынау оң элементтермен қатар қоғам цифрлық технологиялардың әсерінен жіктеле түскендігіне назар аудартты.
«Өкінішке орай, көпшілік үшін цифрлық әлем қазірдің өзінде шынайы өмірдің орнын басып кетті», - деді ҚР Президенті.