ҚР Президенті және «Эксон Мобил» директорлар кеңесінің төрағасы американдық компаниялардың қазақстандық жобаларға қатысуын кеңейту мәселелерін талқылады
05:05, 21 Қыркүйек 2011
НЬЮ-ЙОРК-АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары барысында «Эксон Мобил» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Рекс Тиллерсонмен кездесті.
ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ американдық компаниялардың қазақстандық жобаларды жүзеге асыруға қатысуын кеңейту мәселелері талқыланды.