ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның Сарапшылық-консультациялық кеңесі құрамы өзгерді

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның Сарапшылық-консультациялық кеңесі құрамы өзгерді. Бұл туралы бүгін елордада өткен ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында белгілі болды.

Сонымен аталған кеңестің төрағасы болып Қазақ мемлекеттік заң университеті президентінің кеңесшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сергей Ударцев тағайындалды. Адам құқығы жөніндегі комиссияның шешімімен кеңес құрамынан С.Айдосов пен Е.Мәліков шығарылды. Ал олардың орнына С.Байқошқарова мен Р.Қобдабергенова енгізілді.