Шара барысында комиссия төрағасы мен мүшелері ауруханадағы пациенттердің қаралу жағдайымен танысты. Қазақстан Конституциясында және «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте кепілдік берілген құқықтардың, сондай-ақ адам құқықтары жөніндегі нормалардың жүзеге асу барысын көріп білді. Бұндай кездесу барысында денсаулықты қорғау мәселелері бойынша және білікті медициналық көмектерге қатысты конституциялық құқықтардың қамтамасыз етілуіне назар аударылып, дәрігерлер мен медициналық мекеме қызметкерлерінің әлеуметтік-құқықтық қорғалуына да мән берілді.
Шара барысында жинақталған материалдар, емделуші пациенттер тарапынан берілген мәліметтер аталған Комиссияның ҚР Президентіне тапсыратын «Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының қорғалу жағдайы туралы» жыл сайынғы баяндамасына енетін болады. Естеріңізге сала кетейік, Елбасына жолданатын жыл сайынғы аталған баяндаманың бір бөлімі «Азаматтардың денсаулық сақтауға және білікті медициналық көмек алуға қатысты конституциялық құқықтары» деп аталады.