университет студенттерімен және оқытушы-профессорлар құрамымен кездеседі, деп хабарлайды аталған университеттің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Елбасының жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия бұл кездесуде «Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары» тақырыбы кеңінен талқыланбақ.
Оған ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Сағынбек Тұрсынов, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы Тастемір Әбішев қатысады. Кездесуде сондай-ақ, Комиссияның құқық қорғау қызметі, атқарған жұмыстары мен адам құқығын қорғаудың халықаралық және ұлттық механизмдері туралы кеңінен айтады.
Сонымен қатар, студенттер осы сала бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап ала алады.