деп хабарлады академияның сыртқы байланыстар қызметінен.
Бұл рейтингте бірінші орынды Мәскеу халықаралық қатынастар институты (МГИМО) алып отыр. Рейтинг сауалнаманың көмегімен анықталды. Оған қатысқан 54 сарапшы әлемдік рейтингілік агенттіктер пайдаланатын 46 көрсеткіш бойынша жоғары оқу орындарына баға берді.
«Евразийский монитор» коммерциялық емес халықаралық агенттігі жүргізген бұл зерттеуді агенттік басшысы Игорь Задорин мамырдың 22-сінде Алматыда өткен «Білім беру мекемелерінің абырой-бедел бағалау проблемалары» тақырыбындағы халықаралық конференцияда таныстырды.